Кәмелетке толмағандар арасындағы жүктіліктің алдын алу

Дата: 2019-04-12 16:07:41

«Саяқ кенті жалпы білім беретін №6 орта мектебі»КММ

 

Іс-шараның аты

Өткізілген жері

Өткізілген күні

Қатысқаны

1

«Ерте жүктіліктің алдын алу»

Саяқ кенті ЖББ №6 ОМ

05.04.2019

27

2

«Қызым-үйде, қылығы-түзде»

Саяқ кенті ЖББ №6 ОМ

08.04.2019

21

3

«Ерте жүктіліктен сақтан»

Саяқ кенті ауруханасы

09.04.2019

24

4

«Ерте жүктілік заман қаупі»

Саяқ кенті ЖББ №6 ОМ

11.04.2019

19

5

Ерте жүктіліктің салдары

Саяқ кенті ЖББ №6 ОМ

12.04.2019

35

 

05.04.2019ж кәмелетке толмаған қыздарда жүктілікті болдырмау аясында 7 «А,Ә,Б» сынып аралығында мектептің әлеуметтік педагогы Рахимова М.Т және мектеп медбикесі Тойчибекова К.Ш «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында семинар өткізді. Қыздар тәрбиесінде көп қателікке бой алдырдық. Қызға қырық үйден тыйым салуды мүлде ұмытып, олар жартылай жалаңаштанса да қыңқ етпейтін болдық. Міне, енді осы олқылықтардың зардабын тартып, жүрегіміз қан жылап отыр. 08.04.2019 8 «А,Ә,Б» сынып жетекшілері өз сыныптарымен «Қызым-үйде, қылығы-түзде» аттытәрбие сағаттарын өткізді. 09.04.2019ж мектеп мидбикесі 9 сынып қыздарын кентіміздің ауруханасына апарып «Ерте жүктіліктен сақтан» атты тақырыппен аурухана жұмыскерлерінен кеңес алып қайтты . 11.04.2019ж мектеп психологы Байсагызова  А.К 10 «А,Б», 11 «А,Б» сынып қыздарымен «Ерте жүктілік заман қаупі» тақырыбында баяндама оқып, артынан сауалнама алды. 12.04.2019  «А,Ә,Б» сынып жетекшілері қыздармен қызықты дөңгелек үстел өткізді.13.04.2019 ж «Ере жүктіліктің оқушы қыздарға зияны» атты 8,9,10,11 сынып қыздарына тренинг өткізді. Дәрігерлер мен психологтердің басым көпшілігі контрацепцияны ұсынып, жыныстық тәрбиені 12 жастан бастап енгізуді қолдап отыр. Енді жүктіліктің саны артпаса, кемімейді дейді. Жыламаған балаға емшек емес, планшет беретін кейбір аналар сияқты, жасөспірімдердің қолына презерватив пен контрацепциялық дәрі беру проблемаңызды оңай шешетін шығар. Сонда біз әлі беті ашылмаған 12 жастағы оқушылардың қолына динамит ұстатпақпыз ба?-деді ол ашынып.  Бұл іс-шараның мақсаты жасөспірімдердегі ерте жүктіліктің алдын алу болып табылады.    Өскелең жастар мораль және жыныс тәрбиесі бойынша сұрақтар қойды.  Контрацепцияның әр түрлі қолжетімді әдістері, жыныс арқылы берілетін жұқпалардың алдын алу және салауатты өмір салтын сақтау туралы ақпараттар жеткізілді.Семинарда ерте жүктіліктің салдары, физиологиялық тұрғыдан- жас ағза оған әлі дайын емес, әлеуметтік тұрғыдан – бейберекет жыныстық қатынасқа түсетін жас қыздың алдында күтіп тұрған қиындықтар жайлы сұрақтар талқыланды. Қаламаған жүктіліктің алдын алу, жыныстық мінез-құлықтың адамгершілік сұрақтары бойынша бейнероликтер көрсетілді.