«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы

Дата: 2019-04-10 18:46:02

ҚР Парламентінің Мәжілісінің үкімет сағатында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бірінші жылының нәтижесін қортындылады

 
 

"Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламаның алғашқы жетістіктері мен жоспарларын Қазақстан Республикасының мәжіліс депутаттарына, 10 желтоқсанда, ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев үкімет сағатында баяндады.

«Өздеріңіз де білетіндей, 2017-ші жылдың қаңтар айында Мемлекет Басшысы Қазақстанның үшінші жаңғыруына байланысты жаңа бағытты ұсынды. Ауқымды істерді шешуге бел буып қана қоймай, «Қазақстанның 2050» Стратегиясындағы мақсаттарға жету жолындағы сенімді және нық көпір орнатудың маңыздылығына тоқталды.  Президентіміз, үшінші жаңғыру жолындағы негізгі компоненттердің бірі ретінде, тұрмысымызға цифрлық технологияларды енгізудің қажеттілігін айтты. Осылайша «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жасау туралы нақты тапсырма берді», - деді Дәурен Абаев.

Бұл дәл уақытында және дер кезінде жасалған ұсыныс болатын деп атап өтті. Өйткені бүгін, цифрландыру саласы дүниежүзі бойынша, өте ауқымды трендке айналып отыр. Қазіргі кезеңде әлем елдерінің даму көрсеткіштері де осы саламен бағаланады.

«Бүгінгі күні дамыған елдер технологиялық жарысты жандандырып, цифрлық тәртіпті белсенді түрде қабылдауға көшті. Тек ЕвроОдақ елдерінің өзінде 2017 жылы өнеркәсіптік цифрландыру бағыты бойынша 30-ға жуық ұлттық және аймақтық бастама қолға алынған. «Индустрия 4.0» элементтерін сәтті енгізу – бұл біздің еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне де оң әсерін тигізетін шаруа. Елбасы атап өткендей, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының тамыры тереңде жатыр. Бағдарлама біздің өмірімізге ауқымды өзгеріс алып келетін, заман талабына сай болашаққа түрлі бағыттар ашатын базиске айналмақ», - деді министр.

Цифрлық іс-шаралардан түскен экономикалық пайда 58,3 миллиард теңгені құрап отыр.

«Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы  5 негізгі бағыттан тұрады. 17 бастамасы бар. Олардың аясында 120 іс-шара жүзеге асырылуы тиіс.  

Бірінші бағыт яғни «Экономика саласын цифрландыру» аясында 100 компания белгіленді. Оларға цифрлық технологияларды енгізу арқылы, «ақылды өндіріс» деңгейіне көтеру жоспарланған.

Агроөнеркәсіп кешендерін цифрландыру аясында несиелер мен кепілдеме алуға байланысты өтініш беру қызметін автоматизациялау жүргізіліп жатыр.

Ал дәнді-дақылдар сату бойынша, электронды сауда жасау жүйесі іске қосылды. 2022-ші жылы Агроөнеркәсіп өнімдерінің түсім үлесін көлемін 20%-ға өсіру жоспарланған.

«Алдағы уақытта әлемдік ауылшаруашылық державаларының тәжіреьбиесін қолданып, егін егуді спутник арқылы және компьтерлік технология бойынша басқару көзделген», - деді Дәурен Абаев.

2018-ші жылдың, 1-ші сәуірінде «АСТАНА-1» деп аталатын ақпараттық жүйе өз жұмысын бастады. Осы арқылы 680 мың электронды кеден декларациясы рәсімделген. 

Министр өз баяндамасында мемлекеттік қызметтердің цифрлануына ерекше назар аударды.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта барлық мемлекеттік қызметтердің тізімі 741 атаудан тұрады, оның ішінде 454 автоматтандырылған.

Биылғы жылдың аяғына дейін, қосымша 70 қызметті автоматтаныру жоспарланып отыр. 2020-шы жылы бұл көрсеткішті 90%-ға жеткіземіз.

«Цифрлық Жібек жолы» бағытын жүзеге асыру бойынша, Министрлік мемлекеттік жекешелік әріптестік механизмін қолданып, ауылды жерлерді кең жолақты интертетпен қамтамасыз етуді қолға алды.  

Жоспар бойынша 1249 елді мекенді интернетпен қамту көзделген.  

Ал, "Инновациялық экожүйе құру" бағыты аясында 6 қараша күні «Astana Hub» Қазақстанда халықаралық IT-стартаперлерге арналған технопарк ашыдғанын атап өтті. Оның аясында осы жылы екі акселерациялық бағдарлама өткізілді. 49 млн. теңге инвестиция тартылып, 20 стартап-жоба іріктелді.  

Үздік стартап жобалар Мәжіліс залында ұйымдастырылған "Цифрлы Қазақстан" көрмесінде таныстырылды. Оған қоса депутатарға биометриялық деректері арқылы мемлекеттік қызметтерді алудың жаңа мүмкіндіктерін көрсетті.

Автор: №6 ОМ