Ғаламтор ғасыр дерті

Дата: 2019-04-10 09:04:16

«Саяқ кенті  жалпы білім беретін №6 орта мектебі » КММ

09.04.2019 ж информатика пәнінің мұғалімі Рахимова Меруерт Турарқызы 7 «А,Ә» сынып оқушыларының аралығында «Қауіпсіз интернет» апталығына орай тәрбие сағатын өткізді. Сабақтың мақсаты:оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны және пайдасы туралы түсінік беру, интернет желісіндегі әртүрлі блоктармен таныстыру.  Сабақта оқушылар ғаламтор жайлы өз ойларын білдірді. 100% оқушының 85%-ы ғаламтордың қазіргі заманға өте керектігін, жаңартылған білім алу мақсатында ғаламтордың пайдасы көп деген ойларын білдірді. Сабақ соңында информатика пәнінің мұғалімі Рахимова Меруерт Турарқызы интернеттің заманды жаулап бара жатқан дерт екенін тағы оқушыларға ашық айтып, интернетті тек қажетті нәрсеге жұмсауын, бос уақыттарын интернетте отырып ғана өткізбеуін ұсынды.

       

Орындаған: Рахимова М.Т

Автор: №6 ОМ