Ғаламтордағы қауіпті ойындар және оқушылар арасында қол жұмсаудың алдын алу бойынша жүргізілген шаралар туралы мәлімет

Дата: 2017-11-24 06:57:10

        Саяқ кенті жалпы білім беретін 6 орта мектебінде 1 және 11 сыныптар аралығында «Ғаламтордағы қауіпті ойындардың және суицидтің алдын алу мақсатында психологтар және сынып жетекшілермен бірлескен шаралар жүргізілді. Оқушыларға ғаламтордағы ақпараттардың барлығы шындыққа жаңаса бермейтіндігі және кейбір ақпараттардың жалған, сонымен қатар ғаламтордағы, әлеуметтік желілердегі ойындар мен түрлі топтар адамның мінез-құлық әрекетіне, денсаулығына, көз көрмеу, қалтырау, сүйек ауруларына, қан қысымының жоғарылауыңа, ойды жағымсыз ақпаратпен ластауға, уақытты зая кетіруге әкеп шалдықтыратыны туралы айтылды. Сонымен қатар позитивті ойындар жүргізілді. Ақыл кеңестер берілді. Уақытты тиімді жұмсаудың жолдары туралы айтылды. Ауа райының қолайсыздығына оқушылардың мектепке келмеуіне байланысты алдын алу шаралары әлі де жүргізілу үстінде.

         Сонымен қатар ата-аналар жиналысы да 1 және 11 сыныптар аралығында жүргізілуде. Ата-аналар жиналысында тәрбие ісінің орынбасарлары Молжигитов Е.Қ..Амирова Л.К. ақпараттандыру ісі жөніндегі орынбасары Жумашева Г.Қ., психологтарБасағызова А.Қ.. түсіндірме жұмыстары және ойын, тренинг,  дөңгелек үстел  түрінде жұмыстар жүргізуде.

Автор: №6 ОМ