"Кітапханаға кітап сыйла" акциясы

Дата: 2023-02-26 15:40:14

Кітапхана ісін қолдау -қоғам дамуының  басты міндеттерінің бірі болып саналады.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында мектебімізде "Кітапханаға кітап сыйла" акциясы жалғасын табуда.
Мақсаты: оқырман мен кітапхана арасын нығайту, кітапхана қорын әдебиеттермен толықтыру.
2б сынып оқушылары Еркін Тимур және Серікпай Аруна кітапханаға кітаптар сыйлап, кітап қорының көбеюіне өз үлестерін қосты. Акцияға ат салысып жатқан ата-аналар мен оқушыларға  алғыс білдіреміз.

Автор: №6 ОМ