14-ақпан "Халықаралық кітап сыйлау" күні
Дата: 2023-02-19 20:23:00
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында
14-ақпан "Халықаралық кітап сыйлау" күніне орай 4 ә сынып оқушылары және 2 а сынып оқушысы Серік Құндыз ата-анасымен кітапханаға кітаптар сыйлады.
"English-Kazakh-Russian Smart Dictionary" атты кітабы мен мультимедиялық контенті бар мобильді қосымшаны біріктірген жаңа буындағы сөздік тіл үйренуді енді бастағандардың сұраныстарына өте тиімді, қолайлы әрі ақпараттық бұл ақылды сөздік ағылшын тілін үйреніп жүрген балаларға баға жетпес көмек көрсетеді. Акция мақсаты оқушыларды кітап оқуға, бір біріне кітап сыйлай білуге, кітапты құрметтеуге, жас ұрпақтың кітап оқуға деген ынтасын арттыру.
