"Оқуға құштар мектеп" жобасы
Дата: 2023-01-13 18:54:50
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында, қысқы каникулды тиімді ұйымдастыру мақсатында 4-8 қаңтар аралығында мектеп оқушылары кітапханаға келіп кітап оқуларын жалғастырды. Кітап оқуды сүйетін оқырмандарымыз керек кітаптарын алып, сүйікті жазушыларының шығырмаларын оқып, білімдерін жетілдірді. Кейбір оқушылар үйлерінде ата-аналарымен бірге электронды кітап оқуды меңгеріп, отбасылық кітап оқу үрдісін жалғастырды. Балалар кітап оқуды да ұмытпай, қысқы демалыстарын қызықты өткізді деп сенеміз.