Мектеп тарихы

Дата: 2023-01-09 11:47:52

Күн санап ақпарат кеңістігі өркендей түскен заманда жас ұрпаққа сапалы білім беру мұғалімнің, ұжымның бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыс істеуін талап етеді. Осы орайда ауыл мектебінің бүгінгі бет–бейнесін жаңа қырынан көрсетіп келе жатқан «Саяқ кенті №6 жалпы білім беретін мектебі» мемлекеттік мекемесі Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Саяқ кентінің орталығында орналасқан. Мектеп ең алғаш 1969 жылы пайдалануға берілді. Мектебіміздің алғаш қадам басқан 1 сыныбы

Мектептің ең алғашқы түлектері 1982 - 1983 жылдардағы бітіруші түлектер.

Мектепті - білімнің тірегі десек, ал тәрбиеші мен мұғалім - сол мектептің жүрегі, яғни бұл мамандық иелерінің қолында адам тағдыры, болашақ ұрпақтың тәрбиесі тұр. Негізі, ұстаз болу оңай шаруа емес. Әр оқушының көңілінің кілтін тауып, олардың тұлға болып қалыптасуына сүбелі үлес қосатын жан болу әр адамның қолынан келе бермейтін дүние. Аса сабырлықты, шыдамдылықты, жылулықты қажет ететін үлкен іс.

Мұғалімі қандай болса, мектебі де сондай болмақ.

                                                                                       Аxмет Байтұрсынұлы