Кітапханаға саяхат
Дата: 2022-11-15 14:59:16
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы ББ-ң "Саяқ кентінің N6 жалпы білім беретін мектебі" КММ
15.11.2022ж мектеп кітапханасында 1а, 1б сыныптарымен "Кітапханаға саяхат" сабағы өтті.
Мақсаты: Оқушыларды кітапханамен таныстыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Кітапты ұқыпты ұстауға баулу, білімнің кілті кітап екендігін ұғындыру. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Оқушыларға жас ерекшеліктеріне сай кітаптар көрсетіліп, сөйлейтін қаламы бар 12 кітаптан тұратын " Даналық әліппесі" кітабы таныстырылды. Оқушылар кітапты қызығушылықпен көріп, мәтіндер тыңдап, әндерге қосылды. "Даналық әліппесі" өскелең ұрпақты ұлттық дәстүрде тәрбиелейтін, халқымыздың салт- дәстүрін, даналығын дәріптейтін оқу-құралы.