"Өз құқығыңды біліп, өзіңді қорға"
20 қараша - "Дүниежүзілік балалар құқығын қорғау" күніне орай 10-20 сы күндері аралығында "Бала құқығы- адам құқығы" онкүндігіне арналған іс-шаралар барысында мектеп кітапханасында "Өз құқығыңды біліп, өзіңді қорға" тақырыбында көрме ұйымдастырылып, 7 сынып оқушыларымен кітапханалық сабақ өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға өз құқықтары мен еркіндіктерін білуге үйрету, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу. Еліміздің Ата заңын құрметтеуге, өз құқықтарын жете біліп, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру. Патриоттық тәрбие беру.
"Балалар құқығы туралы Конвенция" заңындағы талаптар мен тәртіп, баланың негізгі құқықтарымен таныстыру. Ондағы ережелерді бұлжытпай орындау- Отанымыз, еліміз алдындағы парыз екендігін түсіндіру.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, көрме материалдарымен танысып, өз ойларымен бөлісті.