Қазақ халқының салт-дәстүрлері,әдет ғұрыптары

Дата: 2020-11-01 22:49:40

2020 жылдың қазан айының 28-29 күндері аралығында мектебіміздің  1-11 сынып оқушыларына Қазақ халқының салт-дәстүрлері,әдет ғұрыптары бойынша тәрбие сағаты  ZOOM плотформасы арқылы өткізілді. Тәрбие сағатының басты мақсаты:Оқушыларға қазақ халқының әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрінің маңыздылығын, адам қарым - қатынасындағы ролін көрсетіп, ұлт жанашыры болатын азамат тәрбиелеу.Оқушылардың қазақ халқының салт- дәстүрлері жайлы білімдерін жинақтау, білетін және үйренген ақпараттарын өзара ұштастырып,салт- дәстүрлерді құрметтеп, қадірлей білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.

Өзіміздің қазақ халқының да сан алуан салт- дәстүрі бар. Халқымыздың салт- дәстүрлері қай халыққа болса да үлгі боларлық. Салт-әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне,ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып,өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі.

Автор: №6 ОМ