Медиация – барлық деңгейлердегі білім беру жүйесінде даулы және жанжалды жағдайларды болдырмау және шешудің жаңа тәсілі

Дата: 2019-02-13 12:49:38

"Сіз қандай қарым –қатынас жасасаңыз,

Сізбен де сондай қарым-қатынаста болады"

Соңғы  жылдары өмірдің барлық салаларында,білім беру жүйесінде жанжалдарды реттеуқажеттілігіжыл сайын артып келеді.

Өйткені, мектептегі, қоғамдағы дау-жанжал қандай жағдайда да болатын жағдай,  себебі, әлемнің дамуының шарттарының бірі.

Ата-аналардың білім мекемесіне қойып отырған талаптарының өсуімен бірге олардан туындаған  көптеген қайшылықтарды реттеу сұранысы туындап отыр.

Көптеген қарама-қайшы, даулы және даулы жағдайларда білім алушылар, олардың ата-аналары және педагогтар тығырықтан шығудың үйлесімді жолын табады.

Көптеген даулы мәселелерді екі тарап өздері  қосымша тұлғаларды  тартпай-ақ немесе педагогтар, психологтар және басқа да мамандар көмегімен шешіп жатады — және бұл жақсы.

 Алайда, кейбір жағдайларда меселеге қатысты тұлғалардың түсіну  қабілетін жоғалтуда, өзіне және басқа адамдарға зиян келтірмей тығырықтан шығу жолдарын іздеп табады.

Осылайша, қарама-қарсы жағындағы тұлғалармен қақтығыс жүреді, шешім табу барысында  қабілеті жоғалады, әділетсіздік сезімі қарама-қайшы жағдай туғызады, шешім немесе күш қолдану әрекеті күшейеді.

Кейбір кездері асығыстық шешім барысында шиеленісті жағдай туындауы мүмкін, қарапайым түсініспеушілік айтарлықтай дауға дайналып жатқанда кейде шиеленіскен ортаға шешім шығаруға айтарлықтау уақыт қажет болып жатады.

Мысал ретінде күнделікті қажетсіз мәселелер бойынша тұрған ұйымдарға немесе прокуратураға, сотқа өтініш  беру азайтылады.

Осы мәселелерді мектептегі медиация жолымен де шешуге болады.

Медиация, әрине, бұл барлық туындаған мәселерлі шешетін сиқырлы таяқша емес, бірақ сол арқылы туындаған мәселелерді, ұрыстарды күрделі жағдайға жеткізбей шешуге, өмірлік қиын жағдайлардың алдын алуға болады.

Болашақта біздің қоғамдағы даулы жағдайларды ең табиғи тәсілдермен шешу, диалог пен ымыраға келу болып табылады.

Осының барлығы ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаев бекіткен 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Медиация туралы» Заңының ықпалы.

Балқаш қаласының барлық білім мекемелерінде медиация қызметі құрылған, басты мақсаты - мектепті қауіпсіз ортаға айналдыру, білім беру процесінің барлық қатысушыларына ыңғайлы кеңістік құру (оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар және т. б.).

Кез келген даудың кем дегенде бір сындарлы шешімі болатыны дәлелденген. Және мұндай шешім бітімгершілік нәтижесінде табылуы мүмкін. Бейбіт келісімге қадам жасаңыз!