Әжелер мен аналар мерекесі.

Дата: 2013-03-15 05:56:01
Әжелер мен аналар мерекесі.

2013 жылдың 10 наурызында Оқушылар сарайында Халықаралық 8 наурыз әйелдер күніне арналған мерекелік концерт болып өтті. Концерттік бағдарламаны өздерінің аналары мен әжелеріне «Шапағат» клубының тәрбиеленушілері дайындады. Олар ән айтып, би билеп, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде тақпақтар айтты. Барлық мерекеге қатысушыларды Оқушылар сарайының директоры Муратбекова Светлана Ибраемовна құттықтады.

Қызықты ойын-сайыстарды ертегі кейіпкері «Көктем» және Күлдіргіш пен Көңілдендіргіш атты клоундар жүргізді. Оқушылар сарайының би үйірмешілері әр түрлі би билеп тосын сый жасады.