«ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары» семинар- практикум

Дата: 2012-12-04 10:11:11
«ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары»  семинар- практикум

 

2012 жылдың 6 қараша күні  №16  орта мектеп  базасында әдістемелік бірлестіктің қалалық  мектептерінің  география пәні мұғалімдеріне арналған оқушыларды ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық бойынша семинар – практикум өткізді. Жұмыс барысында жылдар бойы тестілеуден жоғары көрсеткіш көрсетіп жүрген мұғалімдер тәжірибесімен бөлісті. Атап өтсек,  география пәні мұғалімдері:  Шайкенова К ( №7 мектеп- гимназия ),  Жумабекова Б.Ө. ( №18 ОМ), Смирнова Н.Н. ( №17 ОМ),    Сатбек С. (№15ОМ).  Семинарда алдын ала тесттер нәтижелерінің  талдауы  жүргізіліп, қиын тақырыптармен жұмыс істеу, қайталауды ұйымдастыру, оқу материалының сабақтастығы бойынша, мәліметтерді блоктап  беруге , тақырыптық  тестерді  қолдануға, нашар оқитын   оқушылармен  жеке  жұмысы  және  ата-аналармен  жұмыс  істеу  бойынша   мұғалімдерге   нақты   ұсыныстар   берілді.