Размер шрифта:

Қаламыздың 75 жылдық мерейтойына - 75 жақсы іс!!!

Дата: 2012-09-22 18:10:22
Қаламыздың 75 жылдық мерейтойына - 75 жақсы іс!!!

 

21 қыркүйекте «Алпамыс» балабақшасында ЖМ «Дошкольник БГМК» филиалы тәрбиеленушілерінің қатысуымен, ҚР Тіл мерекесіне арналған « Тіл шеберлері – бүлдіршіндер!» атты дәстүрлі мереке аталып өтті. Бұл мерекелік шара 2011-2020ж. ҚР тілдерді үйрену және дамыту бағдарламасын іске асырудың бір бөлімі болып келеді. Әр ұлттан құралған бүлдіршіндер мемлекеттік, ағылшын тілдерін қаншалықты  жақсы меңгергендерін көрсетті. Мерекеде украин, поляк, литва, татар сияқты елдердің тілдері де шырқалды. Мерекенің жүргізушілері - «Балауса» б/б тәрбиешілері балалармен әр тілде сұхбаттасып, олардың тілдерді меңгеру білімін ғана емес, сонымен қатар сахнада ойнау өнерлерін көрсетуге шақырды. Әр ұлттың киімдерін киіп, жарқын да көңілді өткен тіл және достық мерекесі педагогтар мен балалардың есінде ұзаққа дейін сақталмақ.