Балқаш қаласына 75 жыл

Дата: 2012-09-01 05:11:13
Балқаш қаласына 75 жыл

 

« Балдырған »  балабақшасында балалардың туған жер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру мақсатында 29 - тамызда 2012 жылы  қаламыздың 75 жылдығына  орай « Менің қалам» атты балабақшада барлық топ балаларымен ойын-сауық өтті. Балалардың көңіл-күйлерін көтеру үшін ертегі кейіпкерлері: қоян, сайқымазақ,әтеш қонаққа келіп, спорттық жарыстар өткізді.Жарыс барысында «Бос үйшік», «Күн мен жаңбыр», «Кенгуру»  ойындары болды. Әр топтың балалары жарысқа белсенділікпен қатысты. Жарыс соңында кейіпкерлер үлкен топ балаларымен  «Үйректер» биін, «Полька» биін биледі. Кішкентай топ балалары  да назарсыз қалмады. Олар да өздерінің «Достасу» биін көрсетті. Мереке соңында туған жер туралы ән шырқалды. Сайқымазақ  өзінің әкелген тәттілерін балаларға таратты.