Мектептік тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша он күндік аясында өткізілген «Салауатты тамақтану – салауатты ұлт» атты Балқаш қаласының агитбригадасының қалалық байқауы

Дата: 2012-06-12 05:55:32
Мектептік  тамақтандыруды  ұйымдастыру   бойынша он күндік аясында өткізілген «Салауатты  тамақтану – салауатты ұлт» атты Балқаш  қаласының  агитбригадасының  қалалық  байқауы

 

20-сәуірде № 5 орта мектеп   базасында «Салауатты  тамақтану – салауатты ұлт» атты қалалық  байқаудың  екінші туры өтті. Қала мектептерінің  оқушылары  белсенді қатысты.  Агитбригадаға 5-9 сынып оқушылары  қатысты.

Байқаудың  мақсаты жалпы білім беретін   мекемелерінде   оқушылар арасында  дұрыс тамақтану  идеясын  насихаттау  болып табылады.

Барлық қатысушылар  түрлі,  яғни сахналық және  эстрадалық   өнерді,  жанрды ( театр, вокал,  хореография, аспаптық, фольклор, бейнелеу  өнері) қолданумен  бағдарламалар дайындады.  Агитбригада  қатысушыларының   дайындығы қызықты өтті. Салауатты өмір  салтын  қалыптастыру  идеясы болды.

1 - орын - №10 ОМ жеңіп алды. Қарағанды  қаласында  2012-жылдың 18-мамырында  өтетін  агитбригада  байқауына Балқаш каласының атынан   қатысады.

2 – орын - қалалық гимназия және №1 ОМ.

3 – орын - №15, 17 ОМ. Барлық жеңімпаздар  естелік сыйлықтар алды.

Қалған мектептер  номинация бойынша белсенді   қатысқаны үшін  грамоталармен  марапатталды.