Білгірлер сайысы

Дата: 2012-06-12 05:47:50
Білгірлер сайысы

 

№17 орта мектепте «Сенімен мақтанамын  - туған қалам » атты Балқаш қаласының   білгірлер сайысы  өтті. Іс-шарада қазақ және орыс мектептерінің білгірлері қатысты.

Сайыстағы сұрақтар: «Балқаш қаласының тарихы»,«Балқаш қаласының көрікті орындары», қазақ және орыс тілдерінде айтылды.  Ең қызықты өткен сайыс «Балқаш  - жыр-арқау», ондағы қатысушылардың өздері шығарған және қаламыздың ақындарының Балқашқа арнап жазған өлеңдері оқылды. Сайыстың әр қатысушыға үй тапсырмасы ретінде «Қаламды 30 жылдан кейін қандай болғанын қалаймын» атты плакат салу. Осы жерде қатысушылар Балқаштың келешегіне көз жүгіртіп, өздерінің зерек екендігін айрықша көрсетіп танытты. Іс-шара өте қызықты өтті. Сонымен қатар  Балқаш туралы әндер де шырқалып жатты.

Барлық қатысушылар ҚБДШжСБ мақтау қағазымен, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен  марапатталды.