Бөлім сайтының 2013 жылғы қорытыныдысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде ақпарат.

Дата: 2014-03-27 08:54:19

 

2013 жылғы 18 қыркүйегінде ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізіміне сәйкес Балқаш қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі 15 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру;
  2. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) және жетім балаға (жетім балаларға), қамқоршылықты немесе қорғаншылықты белгілеу;
  3. Кәмелетке толмаған балалардың  мүліктеріне билік ету үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына, банктерге, ішкі істер органдарына анықтамаларды беру;
  4. Кәмелетке толмаған балалардың меншік құқығы негізінде тиесілі мүлікпен жасалатын келісімдерді рәсімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру;
  5. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою;
  6. Мектепке дейінгі білім беру;
  7. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру;
  8. Денсаулыққа байланысты, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқыту;
  9. Балаларға қосымша білім беру;
  10. Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекеленген санаттарды тегін тамақтандыруды ұсыну;
  11. Аз қамтылған отбасындағы балаларға қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерінде демалуын ұсыну;
  12. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру;
  13. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) және жетім баланы (жетім балаларды) асырау үшін оның қамқоршысына немесе қорғаншысына жәрдемақы тағайындау;
  14. Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың көшірмесін беру;
  15. Екінші және үшінші дәрежелі, бірінші, екінші және үшінші жасөпірімдік дәрежелі, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі спорттық дәрежелері мен санаттарын беру.

ХҚО арқылы 4 қызмет көрсетіледі:

  1. Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру;
  2. Кәмелетке толмаған балалардың  мүліктеріне билік ету үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына, банктерге, ішкі істер органдарына анықтамаларды беру;
  3. Екінші және үшінші дәрежелі, бірінші, екінші және үшінші жасөпірімдік дәрежелі, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі спорттық дәрежелері мен санаттарын беру.

ХҚО, «электрондық Үкімет» веб-порталы арқылы және баламалы таңдау негізінде бөлім арқылы 8 қызмет түрі көрсетіледі:

  • Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) және жетім балаға (жетім балаларға), қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу;
  • Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою;
  • Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру;
  • Балаларға қосымша білім беру;
  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекеленген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну;
  • Аз қамтылған отбасындағы балаларға қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерінде демалуын ұсыну;
  • Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) және жетім баланы (жетім балаларды) асырау үшін оның қамқоршысына немесе қорғаншысына жәрдемақы тағайындау;
  • Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың көшірмесін беру.

Бастауыш орта, жалпы орта  және мектепке дейінгі ұйымдарына барлық типтері мен түрлері арқылы 3 қызмет көрсетіледі. Олар:

  • Мектепке дейінгі білім беру;
  • Денсаулығына байланысты, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқыту;
  • Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру;

Бүгінгі таңда, 6 мемлекеттік қызмет бойынша 2014 жылғы 19 ақпандағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер енгізу,  отбасы және балалар ортасында жергілікті,атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет  стандарттарын бекіту туралы»  № 115 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары даярланды.

2013 жылдың қортындысы бойынша 9418 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы – 517 мемлекеттік қызмет, білім бөлімі арқылы – 8881 мемлекеттік қызмет.

2013 жылдың қорытындысы бойынша ең талап етілетін мемлекеттік қызмет көрсету түрлері бұл:

  • Білім беру ұйымдары арқылы – «Балаларға қосымша білім беру» - 4028 адам;
  • Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы –«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» -453 адам.

       Қызмет алу бойынша шағымдар және жәбірленулер түскен жоқ.

       Жыл бойы білім беру ұйымдарында ішкі тексерулер өткізілді. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша заңының қатаң құқық бұзушылықтары анықталмады.

       Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің анықтылығын қамтамасыздандыру және оны сапалы көрсету мақсатында Балқаш қаласының халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарымен бірге  7 семинар-жиналыстары, «дөңгелек» үстелдер,  брифингтер, конференциялар өткізілді. Сонымен қатар, жергілікті бұқаралық ақпараттық құралдарда мемлекеттік қызмет жөнінде 4 мақала жарияланды.

Мемлекеттік қызметті келесі ұйымдар арқылы алуға болады:

  • Электронды цифрлық қолтаңба болған кезде «электронды Үкімет» www.egov.kzвеб-порталы арқылы;
  • Балқаш қаласының халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы;
  • Баламалы таңдау негізінде Балқаш қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі арқылы.

Мемлекеттік қызмет туралы толық ақпаратты келесі мекенжай бойынша ала аласыздар: Уалиханова көшесі 5 үй, 2 қабат, 11 кабинет. Тел:45911