Балабақшадағы әдістемелік күн "Ертөстік"

Дата: 2012-05-15 03:26:18

 

Баланың жан – жақты дамуының негізгі факторы денсаулық болып табылады. 25 сәуір күні «Ер Төстік» балабақшасында «Біз денсаулықты қалаймыз!» атты әдістемелік күн өтті. Педагогтер шығармашылықпен өз сабақтарын көрсете білді. «Гүлдер, гүлдер ...» тақырыбына қазақ тілінен Жекеева Н.Н жүргізсе, Бектурсынова Д.Р «Жүрегім сау болсын десең...» атты сабағын көрсетті. Содан кейін осы тақырыпқа байланысты музыкалық қойлым ұсынылды және «Здоровячок» атты фито – бар ұйымдастырылды. Әдістемелік күннің соңында әдіскер Қуатбекова Г.А  балабақшадағы денсаулықты сақтау жұмысына тұжырымдама жасап, қорытынды жасады.