Мен, Омарова Алия Сұлтанбековна, 1969 жылы 19 мамырда Қарағанды облысының Жезді кентінде дүниеге келдім.
1976 жылы Жезді кентіндегі № 5 орта мектептің бірінші сыныбына барып, оны 1986 жылы бітірдім.
1986 жылдан 1987 жылға дейін Жезді кенті № 5 ОМ лаборанты болып жұмыс істедім.
1987 жылдан бастап Жезқазған педагогикалық институтының Жаратылыстану-география факультетінде оқып, 1992 жылы бітіріп, жоғары педагогикалық білім алдым.
1993 жылдың қыркүйек айынан бастап Балқаш қаласының № 3 орта мектебінде биология пәні мұғалімі болып жұмыс істедім.
2001 жылдан 2004 жылға дейін № 3 ОМ директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып тағайындалдым.
2004 жылдың тамыз айынан бастап ЖББ № 3 ОМ директоры болып тағайындалдым.
Тұрмыстамын. Отбасы құрамы:
Жұбайым - Сәрсембаев Нұрлан Тлеубаевич, 1970 жылы туған, Қоңырат кенішіндегі тау-кен технологиялары ЖШС учаске шебері;
Қызым - Сәрсембаева Балнур Нурлановна, 1991 жылы туған, комбинатта бухгалтер болып жұмыс істейді.
Қызым - Сәрсембаева Айнур Нурлановна,1997 жылы туған, 11 сынып оқушысы.