Тәрбиелік іс- шаралар

Ғарыш әлемі

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2023-04-15 21:01:37
Ғарыш әлемі
2023- жылдың 11- сәуірі күні 3 А сыныбының жетекшісі М.С. Казбаеваның ұйымдастыруымен "12- сәуір- Ғарышкерлер күніне" арналған "Ғарыш әлемі" атты ақпараттық тақта әзірленді. Оқушыларға тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров және қазақтан шыққан ғарышкерлер жайлы деректермен таныстырылып, ақпараттар берілді.

Cынып сағаты

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2023-04-15 20:46:10
Cынып сағаты
4- сәуір- Геологтар күніне орай 7А және 8А сыныбында: Геологтар күні: мерекенің тарихы мен дәстүрлері" атты сынып сағаты өтті. Туған қаламыздағы кен орындарының ашылуына еңбек сіңірген  М .П .Русаковтың жұмысымен танысып, деректерден үлкен мәліметтер алды. Қазақстанның осы салада істейтін мамандары мен кен орындарында істейтін осынау мамандық иелерінің қиын да қызықты еңбектерімен таны...

Балқашым- бағым

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2023-04-15 20:33:21
Балқашым- бағым
10.04.2023 жылы мектеп- лицейде 5- 6- сыныптар арасында Балқаш қаласының статусының берілгеніне  арналған "Балқашым- бағым" атты зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Мақсаты: туған жерге деген құрмет, патриоттық сезімді қалыптастыра отырып, туған өлкенің тынысын білу, көрнекті орындарымен танысу.

Менің сүйікті қалам, Балқашым!

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2023-04-14 10:34:02
Менің сүйікті қалам, Балқашым!
2023-жылдың 7 - сәуірі күні мектеп- лицейде аға тәлімгер М.Қ.Махабаеваның ұйымдастыруымен "Менің сүйікті қалам, Балқашым!" атты ақпараттық тақта әзірленді. Балқаш қаласының басты нысандары, мәдени орталықтары жайлы ақпараттар беріліп, көрікті жерлерінің көрінісі туралы мәліметтермен таныстырылды.

Дүниежүзілік космонавтика және авиация

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2023-04-12 22:42:02
Дүниежүзілік космонавтика және авиация
«Дүниежүзілік космонавтика және авиация» күніне орай 2023 жылдың 11 сәуір күні мектеп - лицейіміздің 4 А, Б, В сыныбының оқушылары «Балқаш қалалық тарихи- өлкетану»  музейінде ұйымдастырылған «Ғарыш әлеміне саяхат» көрмесін тамашалап қайтты. Оқушылар білімдік – танымдық экскурсия аясында викториналық сұрақтарға жауап беріп, белсенділік көрсетті.

Табиғат сенің өз үйің

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2023-04-06 21:06:51
Табиғат сенің өз үйің
«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-де 2023-жылдың 3- сәуірі күні  әдеттегідей саптық жиын өтті. Саптық жиын экология тақырыбына байланысты  «Табиғат сенің өз үйің» тақырыбында болды. Саптық жиынды 4 А сыныбы және 9А сыныбы сыныптары өткізді. Саптық жиында табиғат біздің өз үйіміз, табиғатты аялау керектігіміз жайлы және оны ластамауға, таза ұстау әр адамның па...

Салауатты өмір салты

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2023-04-04 08:11:00
Салауатты өмір салты
2023- жылдың 29- наурызында мектеп- лицейдің 5- 9- сыныптарының арасында "Салауатты өмір салты" тақырыбында танымдық сабақтар өткізілді. Мақсаты: Жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру. Денсаулықты сақтауға бағытталған білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу. Оқушылармен топтық жұмыс ұйымдастырылып қызықты тапсырмалар берілді. Сынып оқушылары іс-ша...

Бала мен ата-ананың құқықтары мен міндеттері

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2023-04-03 22:33:25
Бала мен ата-ананың құқықтары мен міндеттері
31.03.23 күні "Бала мен ата-ананың құқықтары мен міндеттері" тақырыбында 7-сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өткізілді. Оқушылар ата-ана мен баланың құқығы мен міндеттерін атап, өз ойларын күнделікті өмірмен байланыстыра ортаға салды. Жағдаяттық тапсырма бойынша пікірлерін ашық айтып,  тақырыпты аша білді.

Стресспен күресе білу

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2023-04-03 11:38:42
Стресспен күресе білу
2023-жылдың 30- наурызы күні  8-сыныптар арасында «Стресспен күресе білу» тренинг өтті. Тренингті әлеуметтік педагог Бакимова А.Т. мектеп- лицей психолог педагогы Толетаева А.А. өткізді. Мақсаты: Жаттығулар жасату арқылы оқушылардың көңіл- күйін көтеру. Теориялық аспектілерге тоқталу және стрестен арылудың жолдарын ұсыну.

Тәуелсіз Қазақстанның ең басты символдары

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2023-03-29 21:30:24
Тәуелсіз Қазақстанның ең басты символдары
«Тәуелсіз Қазақстанның ең басты символдары» атты көрме Ежелден еркіндікпен өмір сүріп, еңселі ел болуды әр уақытта айбар еткен бабаларымыз «егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» дегенді айтқан еді. Ал сол егемендіктің ең басты белгісі тәуелсіз ұлттың нышандары, тәуелсіздікті білдіретін мемлекеттің ұлы рәміздері болатын. Басқаша түсіндірсек, мемлекеттік рә...

Жасөспірімдердің өсіп дамуы туралы

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2023-03-29 21:27:27
Жасөспірімдердің өсіп дамуы туралы
2023 жылдың 28- наурызы күні  мектеп- лицей медбикесі Б.Т.Акчулакова 8- сынып ұлдарының арасында"Жасөспірімдердің өсіп дамуы туралы" әңгіме сабақ өткізді. Оқушыларға ұл балалардың организміндегі өзгерістердің болуы туралы мәлімет берді.

Асық ату

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2023-03-28 22:05:57
Асық ату
Мектеп - лицейімізде оқушылардың үзіліс уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында "Асық ату" ойыны жүйелі ұйымдастырылуда. Оқушылар өздерінің қызығушылықтарын танытып, қоңырау кезінде асық ату ойынын ойнауды дәстүрге айналдырды. Бұл - ұлттық құндылықтарымызды дәріптеудегі ұлағатты іс деп ойлаймыз.

бiрiншiсi 1 9 10 11 12 13 53 соңғысы