Размер шрифта:

«Ең үздік репортаж» байқауындағы бірінші орын....

Дәреже: Мектеп парламенті
Дата: 2021-11-30 12:20:35
«Ең үздік репортаж» байқауындағы бірінші орын....
11 қараша күні Балқаш қ. "Оқушылар сарайы" ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған Мектеп Парламенті мүшелерінің арасында «Ең үздік репортаж» республикалық байқауының қалалық іріктеу кезеңін өткізді. Мектебіміздің оқушылар парламенті аға тәлімгер Керимбекова Р. А. жетекшілігімен дайындаған видео репортажы үздік саналып, республикалық кезеңге жолдама алды. Құттықтаймыз!

Қазақ әдебиетінен ашық сабақ өтті...

Дәреже: Әдістемелік вернисаж
Дата: 2021-11-30 11:40:39
Қазақ әдебиетінен ашық сабақ өтті...
29 қараша күні Михаил Русаков атындағы мектеп-интернатында гуманитарлық пән бірлестігінің апталығы аясында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі С. Р. Сыздыкова 5 «Ә» сыныбында Ы. Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады» әңгімесі бойынша ашық сабақ өткізді. Оқыту мақсаттары: шығармадағы құндылықтарға қатысты эпизодтарды анықтап, анықталған эпизодтар негізінде әңгімені...

Қазақ тілінен 5"а" сыныбында ашық сабақ өтті...

Дәреже: Әдістемелік вернисаж
Дата: 2021-11-29 18:04:51
Қазақ тілінен 5
29 қараша күні қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі А. Т. Есімбекова 5 "А" сыныбында «Уақыт қадірі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқыту мақсаты: Уақыттың қадірі туралы тоқталып, жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану. Сабақта «Уақыттың қадірі» бейнеролигі көрсетіліп, оқушылар уақыттың қаді...

Мектебіміздің «Агросынып» оқушылары Нұр-Сұлтан қаласындағы агротехникалық университетіне экскурсияға барды

Дәреже: Кәсіби бағдар
Дата: 2021-11-29 16:43:40
Мектебіміздің «Агросынып» оқушылары Нұр-Сұлтан қаласындағы агротехникалық университетіне экскурсияға барды
24-26 қараша күндері мектебіміздің «Агросынып» оқушылары Нұр-Сұлтан қаласындағы С. Сейфуллин атындағы агротехникалық университетіне экскурсияға барып қайтты. Мектептің аграрлық бағыты бойынша теориялық және практикалық білімнің қалыптасуы үшін оқушыларымыз аталмыш оқу орнының инновациялық білім деңгейімен танысты. Май, шұжық, сүт өңдеу, өндіру және наубайхана цехтарына барып тәжірибе...

Тұңғыш Президент күніне орай кітап көрмесі...

Дәреже: Кітапхана
Дата: 2021-11-28 23:26:20
Тұңғыш Президент күніне орай кітап көрмесі...
28 қараша күні "демалыс күн" клубында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Елбасының балалық шағынан бастап бүгінгі күнге дейінгі өмірі мен ел жетістіктері оқырман назарына ұсынылды.

5 сыныпта ағылшын тілінен ашық сабақ өткізілді...

Дәреже: Әдістемелік вернисаж
Дата: 2021-11-28 23:23:38
5 сыныпта ағылшын тілінен ашық сабақ өткізілді...
26 қараша күні ағылшын тілі пәнінің мұғалімі М. Т. Мұғиын 5 "Ә" сыныбында “Health” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту мақсатында өткізілген сабақ барысында «Денсаулық» тақырыбы бойынша жаңа сөздермен танысып, ағылшын тілінде оқушылармен дәрумендер мен пайдалы тағам, спорт туралы айтып, денсаулықты қалай сақтау керектігі, жаман ж...

"Біздің мектептің асханасы" акциясы өткізілді...

Дәреже: Мектеп парламенті
Дата: 2021-11-26 16:18:01
2021 жылдың 23-қараша күні мектебімізде "Біздің мектептің асханасы" акциясы өткізілді. Мектеп Парламентінің қайырымдылық министрі, қамқоршылық кеңесінің төрағасы, әлеуметтік педагогтің және аға тәлімгердің жетекшілігімен мектеп асханасының жағдайы тексерілді. Акция барысында келесі мәселелер қарастырылды: Тамақтанумен қамту; Санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау; Еңбек ги...

Орыс тілінен ашық сабақ өтті..

Дәреже: Әдістемелік вернисаж
Дата: 2021-11-26 11:17:05
Орыс тілінен ашық сабақ өтті..
26 қараша күні орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ильина Г. А. 5-сыныпта Е. Широковтың «Друзья» картинасы бойынша пайымдау элементтері бар эссе-сипаттамаға дайындық» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқыту мақсаты: оқушыларды суретте бейнеленген адам мен жануарды сипаттауға дайындау; септікте жіктік жалғау мен үстеулерді қолдана білуді бекіту; сурет бойынша эссе жазуға матер...

Мектептің 60 жылдық мерейтойына орай барлық сыныптарда сынып сағаттары өтті...

Дәреже: Сынып сағаттары
Дата: 2021-11-25 17:21:10
Мектептің 60 жылдық мерейтойына орай барлық сыныптарда сынып сағаттары өтті...
24 қараша күні мектебіміздің 60 жылдық мерейтойына және М. П. Русаковтың туған күнініе орай барлық сыныптарда сынып сағаттары өтті. Мақсаты: оқушыларды мектептің шығу тарихымен таныстыру, алтын ұя мектептерін сүюге және құрметтеуге тәрбиелеу. М. П. Русаковтың өміріне, ұлағатты еңбек жолына, жас ұрпаққа қалдырған өнегелі істеріне шолу жасау. Іс-шара барысында оқушылар аса белсенділікпен қатысып,...

«The world around us: different places» тақырыбында ашық сабақ өткізілді...

Дәреже: Әдістемелік вернисаж
Дата: 2021-11-25 13:15:51
«The world around us: different places» тақырыбында ашық сабақ өткізілді...
24 қараша күні Михаил Русаков атындағы мектеп-интернатында гуманитарлық пән бірлестігінің апталығы өз жұмысын бастады. Жоспар бойынша пән апталығы аясында ағылшын пән мұғалімі Н. Н. Көктаева 2 «Ә» сыныбында «The world around us: different places» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқыту мақсаттары: сұрау есімдіктерін қолдану дағдыларын дамыту, оның ішінде не? қайда? кімдік...

Мектептің 60 жылдық мерейтойына...

Дәреже: Мектеп парламенті
Дата: 2021-11-24 11:33:42
Мектептің 60 жылдық мерейтойына...
Балқаш қаласындағы Михаил Русаков атындағы  мектеп-интернатының 1961 іске қосылып, оқушыларға жан-жақты білім мен тәрбие беріп келе жатқанына биыл 60 жыл толып отыр. Осыған орай "Мектеп парламенті" ұйымы мерекелік құттықтау дайындап, назарларыңызға ұсынады.  https://www.facebook.com/100026234298594/videos/646034789721680/

«Мұражайларға виртуалды экскурсиялар» қашықтықтан байқауы...

Дәреже: Өлкетану мұражайы
Дата: 2021-11-21 23:59:56
«Мұражайларға виртуалды экскурсиялар» қашықтықтан байқауы...
Қарағанды облысы оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 27 қыркүйегі мен 16 қарашасы аралығында Қарағанды облысының білім беру ұйымдарының мұражайлары арасында «Мұражайларға виртуалды экскурсиялар» қашықтықтан байқауы өткізілген болатын. Басты мақсаты білім беру ұйымдарында мұражай жұмысын жандандыру, мұражай мәдениетін дамыту бойынша педагогикалық бастамаларды қолда...

бiрiншiсi 1 44 45 46 47 48 196 соңғысы