"Жасыл Отан" экоклубы (мектеп жылыжайындағы жұмыстар)

Дәреже: Экоклуб "Жасыл Отан" (мектеп жылыжайының жұмысы)

«Зеленстрой-Т» ЖШС қалалық жылыжайына экскурсия ...

«Сыныпты көкалданыдру оқушылардың денсаулығына қалай әсер етеді» жобасының аясында жас экологтар «Зеленстрой-Т» ЖШС-ге танымдық экскурсия жасады. Біздің оқушыларымыз бөлме гүлдері туралы, тыныс алу және психологиялық ортаны құруға пайдасы туралы көп мағлұмат алды. Сондай-ақ, адамдар осындай кәсіппен айналысатын мамандықтар туралы білді.

2019-04-12 11:50:15

Скачать Смотреть

№2 мектеп-интернатының жас экологтары мен ландшафты дизайнерлері ағаштың астында гүлзарларды сынақтан өткізуде...

№2 мектеп-интернатының жас экологтары мен ландшафты дизайнерлері ағаштың астында гүлзарларды сынақтан өткізуде. Енді ыстық айларда қарағайларымыз суару суларын көбірек алады, ал мектеп ауласының дизайны одан да тартымды болады. Сондай-ақ, жас экологтар мамыр айындағы мектептегі жылыжайға отырғызылатын гүлді көшеттерді отырғызу үшін ашық көкөністер дайындады. Жұмыстың нәтижелері жаз айларында көрсетіледі.

2019-04-11 14:12:59

Скачать Смотреть

Мектептің эко-паркінде раушан гүлдерді отырғызу жұмыстары басталды...

Мектеп ауласын жақсарту жұмыстары басталды. Мектептің Эко паркінде егу әдісі бойынша мектеп жылыжайында өсірілген раушан гүлдерді отырғызу басталды. Оқушылар органикалық заттардың көмегімен көгалдандыру технологиясын үйренді.

2019-04-06 10:59:11

Скачать Смотреть

Мектеп жылыжайында...

«Сыныпты көкалдандыру қажет пе?» атты мектеп жобасының бірінші жылы соңына жақындады. Біздің балалар, бөлме өсімдіктерінің әртүрлі қасиеттерін зерттеді, оқушылардың денсаулығы үшін қандай гүлдер пайдалы екендігін, олардың қайсысының емдік қасиеті бар екендігін анықтады, гүлді күтуге және қалай қоректендіруге болатыны туралы ақпарат жинақтады. Балалар зерттеулерінің нәтижелері биылғы жылдың сәуір айында өткізілетін ғылыми конференцияда көрсетіледі. Ал бүгін оқушыларымыз мектептегі жылыжайда бөлме гүлдердін көп күш-жігерсіз және ақшалай шығындарсыз көбейтуге қалай болатындығы туралы практикалық дәріс алды.

2019-03-19 14:52:39

Скачать Смотреть

Мектептегі жылыжайындағы қысқы-көктемгі жұмыстардың нәтижелері..

Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесі қарсаңында біздің мектептің жас агрономдары қыс-көктем жұмыстарының қорытындысын шығарды. Көкөністердің соңғы өнімі жиналды: қызылша, редис, шөптер - ақжелкен, раушан, салат жапырақтары. Мектеп ауласын жақсарту үшін гүлді тұқым отырғызу үшін топырақтың дайындығы жүріп жатыр.

2019-03-15 17:34:41

Скачать Смотреть

«Сынып бөлмесін көгалдандыру керек пе?» мектеп жобасын жалғастырамыз...

Біз «Сынып бөлмесін көгалдандыру керек пе?» мектеп жобасын жалғастырамыз. Бұл жобаның мақсаты – бөлме өсімдіктері туралы білімді кеңейту, өсімдікке күтім жасау әдістері туралы білімді тереңдету. Бүгінгі күні 6-сынып оқушылары «Бөлме гүлдерінің пайдасы мен зияны?» тақырыбында бөлме гүлдерін зерттеді. Бөлме өсімдіктерінің оқушылардың денсаулығына әсері зерттелді. Оқушылар үй өсімдіктерін өсіру қажетті екеніне көздері жетті. Өсімдіктердің пайдасы баға жетпес. Олар ауаны тазартады, интерьерді безендіреді, жақсы көңіл-күй сыйлап, тіпті емдік қасиеттері бар деген тұжырымға келді.

2019-02-20 00:18:26

Скачать Смотреть

Эко-журналдың кезекті шығарылымының тұсаукесері өтті ...

Интернатта «ЭкоОтан»журналының тоғызыншы шығарылымы жарық көрді. Жас журналистер өздерінің жетекшісі Фарида Мұхамеджановамен бірге бірнеше беттер мен мақалаларды ұсынды. Журналдың кезекті номері 2018 жылдың маусым-желтоқсан айларында өткізілген ақпаратты қамтиды.

2019-02-20 00:16:01

Скачать Смотреть

«Улы және улы емес бөлме гүлдері. Дәрігерлік қасиеті бар бөлме өсімдіктері» тақырыбында тәжірибе семинары

"Сынып бөлмесін көкалдандыру қажет пе және сынып бөлмесін көкалдандырудың оқушыларға етер әсері" мектепішілік жобасы серпінді өтіп жатыр. Бүгін, 23 қаңтар күні 5 «А» сынып оқушылары «Улы және улы емес бөлме гүлдері. Дәрігерлік қасиеті бар бөлме өсімдіктері» тақырыбында тәжірибе семинарын өткізді.

2019-01-23 17:31:38

Скачать Смотреть

Жылыжайдағы өтетін бейне сабақтарға шақырамыз...

2019 Жаңа жыл қарсаңында өз жұмыстарымыздың қорытындыларын шығару және нәтиже алудың уақыты келді. Біз барлықтарыңызды санаторлық-интернаттың жылыжайында өтетін бейне сабақтарға шақырамыз. Алғашқы егінді жинау уақыты да келіп қалды.

2018-12-27 14:08:58

Скачать Смотреть

6 желтоқсан. Мектеп жылыжайына қош келдіңіздер!

6 желтоқсан. Мектеп жылыжайына қош келдіңздер! «Эко-Агрозертхана» курсы бойынша қосымша сабақты география пәнінің мұғалімі Әбдірбай Айман Дінисламқызы жүргізеді. Сабақтың тақырыбы: «Өсімдіктердің агротехникалық қасиеттерін жақсарту үшін әртүрлі өңдеулер»... Сіздердің назарларыңызға сабақтың бейнематериалдарын ұсынып, сабақ кезінде балаларымыз не біліп үйренгенін тамашалауға шақырамыз.

2018-12-07 16:38:10

Скачать Смотреть

«Адам қоғам табиғат» үйірмесі аясында «Бөлме гүлдерінің түрлері және оның пайдасы» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді...

Сыныптан тыс іс-шараның мақсаты: Бөлме гүлдерінің түрлері және пайдасы жайлы ақпарат беру. Гүлді күту, сыныпта бөлме гүлдерінің санын көбейту, күтіп өсіру.

2018-11-29 16:46:37

Скачать Смотреть

«Мектеп кеңістігін көкалдандыру» әлеуметтік мәні бар жоба бастау алды...

№2 мектеп-интернатында «Мектеп кеңістігін көкалдандыру» әлеуметтік мәні бар жоба бастау алды. Бұл жоба сынып бөлмелеріндегі үй өсімдіктерінің қаншалықты қажет екені, балалар денсаулығына қалай әсер тигізеді деген сұрақтарға жауап береді. Мектеп оқушылары «Қоршаған орта үшін пайдалы өсімдіктер», «Үй өсімдіктерін көбейтіп өсіру әдісі», «Өсімдіктердің қоректенуі, дәрілік өсімдіктер», «Ата-аналардың сыныпты көкалдандырудағы ролі» және басқа да іс-шаралар бойынша зерттеулер жүргізеді. Сәуір айында «Оқушылардың денсаулығына сыныпта көкалдандару деңгейінің әсері» атты ғылыми-практикалық конференциясында жобалық зерттеулердің нәтижелері қорытындаланады.

2018-11-09 13:52:27

Скачать Смотреть

бiрiншiсi алдың. 1 2 3 соңғысы