«Ауған алауы жадымызда» атты Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай өткізілген іс-шаралар

«Ауған алауы жадымызда» атты Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай өткізілген іс-шаралар

Бүгінгі таңда өмірін оқ пен оттың арасында өткізген Ауған соғысы ардагерлері жайлы ақпараттардың тың мәліметтерімен жастарымызды таныстыру, жан-жақты ақпарат бере отырып, Ауған соғысының тарихын жадыларында жаңғырту мақсатында лицей қабырғасында 9 ақпан мен 15 ақпан аралығында «Ауған алауы жадымызда» атты бірнеше іс-шаралар өткізілді. Лицей фойесінде «Ауған соғысы – тарихтың қасиетті парағы» атты ақпараттық стенд безендіріліп, кітапханада «Ер есімі - ел есінде» кітаптар көрмесі қойылды. Лицейіміздің ақпараттық бұрышында «Ауғанстанақиқаты» тақырыбында бейнебаян көрсетілді. «Ауған  алауы  жадымызда» атты салтанатты саптық жиын жоғары деңгейде жүргізіліп, жауынгер-интернационалист ағаларымыздың қатысуымен ашық сынып сағаттары өткізілді.Сонымен қатар, «Батырлар Ауған тылында» қылқалам шеберлерінің байқауы 1-4 сыныптар арасында ұйымдастырылып,  суреттер көрмесі оқушылар назарына ұсынылды.

          «Ауған асуында от кешкендер»  әскери - спорттық жарысы 9-10 сыныптар арасында жауынгер-интернационалист ағаларымыздың қатысуымен  сапалы, танымдық ақпараттармен байланыстыра отырып, Сатиев М.А., Жалелов Е.Б., Еркінова Ж., Молдажанова Т., Сакенова А.Н. мұғалімдердің ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өткізілді.

          «Қайсарлық - бізге лайық» спорттық жарысы    5-6 сыныптар арасында жоспарға сай өткізілді. Лицейішілік іс-шаралардан тыс өткен қалалық әскери-патриоттық форумға, қалалық үгіт-насихат байқауына қатысып, оқушыларымыз Ауған соғысы туралы тың деректермен танысып, білімдерін шыңдап қайтты. Осы өткізілген шаралардың оқушыларымызға берері орасан, пайдасы көп болды деген сенімдеміз.

Дата: 22.02.2019, 13:32 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі