Жазғы демалыстың қызықты күндері

Жазғы демалыстың қызықты күндері

      Балалардың жазғы демалысын ұтымды пайдалану мақсатында лицейіміздің жетім және қамқоршылықтағы, аз қамтылған, көп балалы отбасыларынан шыққан 13 оқушыға әртүрлі кезеңнен қала сыртындағы лагерьде дем алу үшін тегін жолдамалар берілген болатын. Тамыздың 12 жұлдызында қазақтың байтақ даласындағы көрікті мекенінің бірі – Бектауата  шатқалында орналасқан  «Жас қанат» жазғы демалыс лагерінің төртінші кезеңінің салтанатты жабылуы болды. Лагерге қатысқан оқушылар демалыстан алған әсерлерімен бөлісті. Жазғы демалыстың - оқушыларымыздың жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда дамуына, жетілуіне ықпал еткені сөзсіз. Оқушылар түрлі сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Салтанатты жиында лагерь директоры белсенді оқушылардың ата-аналарына алғыс хаттар табыстады.

Дата: 13.08.2018, 10:27 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі