«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зертеушілерінің республикалық форумының облыстық кезеңі...

«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зертеушілерінің республикалық форумының облыстық кезеңі...

 

   13 мамыр күні Қарағанды қаласында «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зертеушілерінің республикалық форумның облыстық кезеңі өтті. 

Форумның мақсаты: білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу. Форумға 7-10 сынып оқушылары өздерінің үздік деген жұмыстарын, жобаларын ұсынып, қорғап шықты.

Форумға ұсынылған жұмыстар төмендегі номинациялар бойынша өткізілді:
1. «Туған өлкені зерттейміз» номинациясы

2. «Жасыл экономика» номинациясы

3. «Денсаулық және қоршаған орта» номинациясы

4. «Экоәлем» номинациясы 

5. «Жасыл оазистер»

6. Экологиялық квест «Табиғаттың құтқарушы шеңбері».

«Экоәлем» номинациясы бойынша мектебіміздің 8 сынып оқушысы Иманов Дарынға ІІ орынға ие болғаны үшін дипломы табысталды.

 

Дата: 15.05.2019, 11:37 Автор: Мектеп-интернат №2