"Сен де ардақта, бұл мейрамды жас ұрпақ" атты ардагерлермен кездесу сағаты болып өтті...

 

  8 мамыр күні 2 мектеп-интернатында Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған бастауыш сынып оқушыларымен "Сен де ардақта, бұл мейрамды жас ұрпақ" атты ардагерлермен кездесу сағаты болып өтті.

Жас ұрпақтың санасына бүгінгі бейбіт күннің қандай еңбек, ерлікпен келгендігін жеткізіп, Отан деген Ұлы атауды қандай күшпен, біліммен қорғау керек екенін түсіндіру, патриоттық тәрбиеге негіздеу мақсатында өткізілген шара болды.

Оқушылар тыл ардагері, жерлесіміз Тәжікеев Сәкен атамен кездесіп, сұрапыл соғыстың тасасында кеткен балалығы туралы, халықтың кешкен бейнеті туралы әңгімесімен бөлісіп, болашақ жас өренге ақ батасын берді. Оқушылар өздері арнайы дайындаған өлең, әндерін арнап, ардагер атаның алғысын алды. Тарих кезеңдерінен сыр шертіскен кездесу оқушыларға ерекше әсер сыйлады.

Дата: 10.05.2019, 9:47 Автор: Мектеп-интернат №2