"Ерліктері ұрпаққа ұран" атты жуынгер-интернационалистермен кездесу өтті...

 

  1989 жыл 15 ақпан – Кеңес әскерінің ақырғы легі Ауған елінен біржолата әкетілді. Өткеніміз өз елесінде қалу жолында әр жылдың 15 ақпан күні — Ауған соғысына қатысқандарды еске алу күні болып есептеледі.

Бүгін, 12 ақпан күні М. П. Русаков атындағы № 2 мектеп-интернатында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен толықтай шығарылғанына 30 жыл толуына арналған "Ерліктері ұрпаққа ұран" атты жуынгер-интернационалистермен кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты: Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету. Ауған соғысы туралы көбірек мәлімет беру, Ауған соғысында опат болғандардың рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру.

Кездесу барысында тарихи оқиғалар мен ерлікке толы өмірдің сәттері айтылды. Ардагерлердің құрметіне оқушылар патриоттық әндер орындады. Ардагерлердің қатарында Муxамедиев Бауыржан Мейірxанұлы, Әбдірбай Марат Дінисламұлы және Аязбаев Мұрат Жолдасбайұлы сынды батыр ағаларымыз келді. Жас оқырмандар соғыс кезінде жазылған ақын, Смағұл Бақытбек ағамыздың өлең жырларынан үзінділер оқыды. Кездесу барысында «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы, РҚБ «Әмбебап жекпе-жек федерациясының» президенті, «Қазақстан Республикасының әскери-патриоттық спорттық клубтар Федерациясының» төрағасы ақын, Смағұл Бақытбек ағамыздың «Мен көрген соғыс» атты деректі фильм ұсынылды. Қонақтарға «Балауса» мектепішілік баспасынан шыққан «Ерліктері ұрпаққа ұран болған" атты альбом сыйға тартылды. Барлығы естелік суретке түсті. Бұл кездесу оқушылар үшін үлкен тәрбиелік мәні зор мағыналы іс-шара болды деп есептейміз.

Дата: 13.02.2019, 1:44 Автор: Мектеп-интернат №2