«Мейірім төгетін ана» тақырыбындағы кітап көрмесі ұйымдастырылды...

«Мейірім төгетін ана» тақырыбындағы кітап көрмесі ұйымдастырылды...

 

  4-ақпан күні «Қазақстан – мейірімділік мекені» атты өзін-өзі тану апталығы барысында №2 мектеп-интернаты кітапханасында «Мейірім төгетін ана» тақырыбындағы кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмені өткізу мақсаты – оқушыларды Сара Алпысқызының өмірбаяны, «Ана»  тақырыбында шығарылған кітаптар және өзін-өзі тану кітаптарын таныстыру болып табылады.

Көрме барысында мектеп кітапханашысы С. Анитова, Д. Махмутова  көрмедегі кітаптардан үзінділерін оқып, оқушылармен ой бөлісті. Оқушылар белсенділік танытып сұрақтар қойды, бір-бірімен пікір алмасты. Көрмеге мектептің 1-9 сынып оқушылары қатысты. Осы күні «Шығармашылық шаттығы» тақырыбына балалардың шығармашылық жұмыстары, суреттер көрмесі оқушылардың назарына ұсынылды.

Дата: 7.02.2019, 15:03 Автор: Мектеп-интернат №2