№24 орта мектебінде 30 қараша күні "ЖҚТБ-нің алдын алу және күресу жөніндегі Балқаш орталығы" мемлекеттік мекемесінің эпидемиолог – дәрігері Алиева Раш Хамитовнамен 8-11 сыныптар арасында кездесу өтті.

№24 орта мектебінде 30 қараша күні

Кездесудің мақсаты: жалпы ғасыр індетіне айналып отырған ауру туралы және оның алдын алу шаралары туралы түсінік бере отырып, ішімдік, нашақорлық сияқты зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру. Кездесу барысында нашақорлықтың, темекі тартудың ЖИТС –тың қандай себеп – салдарға әкеліп соғатыны туралы айтылып, сонымен қатар видеороликтер, слайд - фильмдер көрсетіліп, психологиялық тренинг – жаттығулар жүргізілді. Қалалық ЖҚТБ орталығының эпидемиолог-дәрігері оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Кездесу соңында лекцияға қатысқан барлық оқушыға таратпа қағаздар мен дәптерлер таратылды.

Дата: 16.12.2018, 13:03 Автор: №24 мектеп-интернаты