"Үздік презентация"

1 желтоқсан -ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында № 24 орта мектебінің 5-11 сыныптар арасында "Үздік презентация" байқауы жарияланған болатын. Бұл байқаудың мақсаты – балалардың Елбасына, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, жалпы мәдениетті көтеру. Елбасының балалық шағы, өмір жолы, жетістіктері жайлы тақырыптарды қамтыған презентациялар жасап, қорғап шыққан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Дата: 16.12.2018, 12:47 Автор: №24 мектеп-интернаты