«Математика әлемінде» атты танымдық сайыс

«Математика әлемінде» атты танымдық сайыс

2019 жылдың ақпан айының 27 күні математика пәнінің мұғалімі Күземханова Мейрамкүл Әбилбековнаның ұйымдастыруымен  қалалық жаратылыстану-математика апталығы аясында  8-9 сынып оқушыларымен «Математика әлемінде» атты танымдық сайыс өткізілді. Оқушылардың  ой-өрісін, логикалық ойлау қабілеттерін шыңдау, ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған бұл шараға қала мектептеріндегі қазақ  мектептері қатысты . Айтулы сайыс «Қас-қағым сәт», «Маги квадрат», «Дода», «Жас эрудит»  тақырыбымен 4 айналымнан құрылды. Әр топтағы сайысқа қатысқан оқушылар өздерінің алғырлығы мен шеберлігін көрсете білді. Қазақтың байырғы есептерін шығаруда №8 мектеп оқушылары ойының ұшқырлығын байқатса, №15 мектеп-лицейінің  оқушылары «кенгру» есептерін тез  жылдамдықпен шығарып, №2 Абай атындағы лицей оқушылары «Ақбота» есептерінің  ең күрделісін  шығаруда өздерінің танымдық белсенділігін көрсете білді. Жоғарыда аталған мектеп оқушылары мақтау қағазымен  марапатталды.