2019 жылдың 10 қаңтар-10 ақпан аралығында «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясында жүргізілген іс-шара туралы ақпары

Акция мақсаты: мектептегі аз қамтылған, көп балалы, жетім және қамқорлықтағы  оушыларға әлеуметтік көмек  көрсету. Акция бойынша мектепте арнайы бұрыш ұйымдастырылып, акцияға ат салысу тақырыбында парақшалар таратылды. Мектеп ұжымына жиналыс өткізіліп, акциямен таныстырылды. Аталған акция оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтамасыз  етілген, көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сонымен қатар ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету . Аталмыш акция аясында оқушылардың демалыс уақытында, кешкі мезгілдерде  әлеуметтік педагог, мектеп психологы, сынып жетекшілерімен бірлесе шағынаудан бойынша рейдтік тексерулерге шығып, аз қамтылған жанұя балаларына көмектесу үшін демеушілер іздестіру жұмыстарын жүргізді.

 «Қамқорлық» акция барысында қаламыздың 4 демеушілерден көмек сұралып барлығы  9 оқушыға киім, оқу-құралдарымен  көмек көрсетілді. Алғашқы болып жеке кәсіпкер Рахметбекова Алмагүл Тлеулесқызы  көп балалы отбасынан шыққан 2 сынып оқушыға киіммен, жеке кәсіпкер Нурманова Гаухар Көбеевна көп балалы 1 оқушыға, аз қамсыздандырылған  1 оқушыға оқу-құралдарымен көмек көрсетті. Жеке кәсіпкер Смирнов Владимир 10 000 теңгеге көп балалы отбасындағы 2 оқушыға киімдер алып берді. «Балалар әлемі» дүкені көп балалы отбасындағы 1 оқушыға  сумка, 1 оқушыға киім түрінде көмек көрсерті.  Демеушілердің   осындай іс шараға қатысып, балаларға деген жүрек жылуын бөлісуге ат салысып, ыстық ықыластары мен аялы алақандарын созып, адамдық мейірімділік пен жомарттықты оқушыларға  танытқандары үшін  мектеп әкімшілігі атынан рахмет айтылды.

     Осы уақыт аралығында 7-10 күн  сабаққа себепсіз қатыспаған оқушылар болған жоқ.

 

 

     

Дата: 16.02.2019, 12:30 Автор: №16 ОМ