«Мен OFLINE» республикалық балалар акциясы

 «Мен OFLINE» республикалық балалар акциясы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бастамасымен 2019 жылғы  27 қаңтар Халықаралық интернетсіз күніне арналған  «Мен OFLINE» республикалық балалар акциясы бастау алды. Бұл іс-шараның мақсаты-интернетке тәуелділіктің алдын алу, кәмелетке толмағандардың Интернет белсенділігін бақылауға қатысты ересек интернет қызметтерді пайдаланушылардың жауапкершілігін арттыру.

 Осыған байланысты  мектебімізде  21 қаңтардан бастап түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. 1-4 сынып оқушылары арасында  «Менің интернетсіз өткен бір күнім» тақырыбымен сурет байқауы жарияланды. Аталған шараға оқушылар белсене қатысты. Тақырып мазмұнын ашып, байқау талабына  сай сурет салған оқушылар жүлделі орындармен марапатталды.

  5-10 сынып оқушылары «Мен OFLINE» тақырыбындағы эссе жазу байқауына қатысты. Аталған тақырыпқа байланысты өз ой-пікірлерін көркем жеткізген оқушылар марапатқа ие болды.

 Сынып жетекшілері осы тақырыпта оқушылармен әңгімелесулер өткізді.

 

Дата: 2.02.2019, 12:48 Автор: №16 ОМ