Сенбілік

Сенбілік

«Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ аумағына абаттандыру жұмыстарына дайындық және қаламызды таза ұстау,көркейту, мектеп-лицей ауласы мен тротуарларды қоқыстан және тұрмыстық қалдықтардан тазарту мақсатында 2019 жылдың 13-сәуірі күні қалалық сенбілікке мектеп-лицей ұжымы белсене ат салысты.
Шара көтеріңкі көңіл-күймен, музыка әуенімен басталды, оған қатысушылар сенбіліктің маңыздылығын жақсы түсініп, белсенді жұмыс жасады.Білім ордасының ұжымы біріге жұмылып, сүйікті де көрікті қаламыз - Балқаш қаласын абаттандыру ісіне өз үлестерін қоса білді.
Сенбілік ортақтасып еңбек етуге, өзара көмектесуге, көпшіл болып, бір-біріне ықылас танытуға үйретеді. Белсенді қатысқан 7В, 8В, 8А сыныптарды мақтан етеміз.
Сенбілік соңында мектеп-лицей оқытушылары мен қызметкерлері естелік суретке түсіп, жақсы ниетпен тарқасты.Осындай ұжымдық шаралардың адамдарға үлкен әсер беріп, олардың бір-біріне деген сенімдерін ұштай түсері де анық.