Сыбайлас жемқорлық күніне орай«Жемқорлықсыз Қазақстан!» атты апталық

Сыбайлас жемқорлық күніне орай«Жемқорлықсыз Қазақстан!» атты апталық

Мақсаты:

1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, оның алдын алу;

2.Құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату;

3. Оқу-білім үрдісінде оқушылар мен оқытушылар тарапынан болатын келеңсіз әрекеттердің алдын алу және оларға қатаң бақылау қою;

   «Жемқорлықсыз Қазақстан!» тақырыбындағы апталық «Адал ұрпақ»ерікті мектеп клубының мүшелерінің жадынама парақшаларын тарату акциясымен бастады.

Башарова Г.Т,Исаинова М.М,Тлеуберген А.Қ  «Адал ұрпақ»ерікті мектеп клубының мүшелері менмектеп-лицей кітапханасында «Жемқорлықсыз Қазақстан!» тақырыбында ақпараттық бұрышты  толықтырып, оқушыларға жемқорлыққа байланысты мағлұматтар берді.

«Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні» тақырыбында 2-11 сыныптар арасында сынып сағаты өткізілді.

Мектеп-лицей педагог-психологтары Акшалова А.Т, Оразан А.Т педұжымнан және кіші қызметкерлерден «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында сауалнама жүргізңп, қорытындысын шығарды.

«Адал ұрпақ»ерікті мектеп клубының жетекшісі Тлеуберген А.Қ  клуб мүшелерінің ұйымдастыруымен  «Адал жәнесатылмайтын еңбек бейнесі»тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды.

«Жемқорлық індет - жою міндет» Балқаш қаласының полиция аға лейтенанты Огай В.В. және полиция капитаны Касымжанова А.К. мектеп-лицей 9-11 сынып оқушыларымен  кездесу барысында жемқорлыққа қарсы күрестің  жағдайына баса назар аударып, сыбайлас жемқорлық  пен құқық бұзушылық  фактілерінен  мысалдар келтірді.

 «Біздің таңдауымыз–заңды мемлекет»  атты 8 сыныптар арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оқушылар сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет қандай болады,  құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаттарын, сондай-ақ біздің елімізде оның қалыптасу ерекшеліктері талқыланып, оқушылар өз ойларын ортаға салды.

 «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»  бейнефильмдер көрсетілді жемқорлықпен күрес  тақырып төңірегінде түсіндіру жұмыстарын Айтимбетова Э.К, Абдрасыл Д.Бөткізді.

9- желтоқсан халықаралық  сыбайлас жемқорлық күніне орай  мектеп-лицейде ұйымдастырылған  «Жемқорлықсыз Қазақстан» атты апталықтың іс-шаралары БАҚ газетіне жарияланды.