«Критериалды бағалау»

«Критериалды бағалау»

2019 жылғы 08 қаңтарында «Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ-нің МДЖ -на сәйкес Педагогикалық шеберлік орталығының Қарағанды қаласындағы филиалының тренерлері Шубакова Куляш Искаковна, Моторина Евгения Анатольевна, Байжигитова Толеубике Рымкановна «Сабақты зерттеу», «Критериалды бағалау» тақырыптарында жұмыс бағытымызға курстан кейінгі қолдау көрсету оқыту семинары өткізілді. Семинарға қала мектептерінің 14 үйлестірушісі және мектебімізден 56 мұғалім қатысты. Сабақты зерттеу жəне Іс-əрекеттегі зерттеу тəсілдерін іске асыру шеңберінде мұғалімдерге өз педагогикалық тəжірибесін бағамдап, жетілдіруге; зерттеу дағдыларын дамытуға көмектесу мақсатында теориямен қатар мұғалімдермен практиклық жұмысты ұштастыра жүргізілді.
Әріптестеріміз берген кері байланысты сараптай отырып, зерттеу қызметі мұғалімге өзінің оқыту жəне оқушылардың оқу тəжірибесінің қыр-сырын бағамдауға жол ашатынын аңғарғанын байқадық. Зерттеу нəтижелері, оларды мектептегі немесе кəсіби қоғамдастықтағы əріптестерімен талқылау мұғалімге өз тəжірибесіне сын көзбен қарауға түрткі болып, оны жетілдіру жолдарын іздеуге жəне жалпы алғанда кəсіби шеберлігін арттыруға ынталандыратындығын түсінді. 
Семинар нәтижесінде заман талабына сай зерттеуші,сарапшы,модератор мұғалімдерде бірлесіп зерттеу, жұмыс істеу мəдениеті қалыптасу үшін «Мұғалімдер зерттеу жүргізу тəжірибесіне талдау жасай отырып, өзгерістерді құрылымда болып жатқан оқыту тəжірибесіне енгізілген өзгерістермен байланыстырып, өздерін осы өзгерістерді қозғаушы күштің бір бөлігі ретінде қабылдап, жұмыстарын әрі қарай жүйелі жүргізеді деген ойдамыз.
Қарағанды қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының филиалының басшылығына және тренерлеріне алғыс айта отырып, педагогикалық ұжымның атынан «Саралау тәсілдері» , «Кері байланыс» тақырыптары бойынша оқыту семинарларын өткізілсе деген ұсыныс айтамыз.