«МЕКТЕБІМ-МӨЛДІР БҰЛАҒЫМ, ТӘУЕЛСІЗДІК-ЖЫР ӘНІМ»

«МЕКТЕБІМ-МӨЛДІР БҰЛАҒЫМ, ТӘУЕЛСІЗДІК-ЖЫР ӘНІМ»

«МЕКТЕБІМ-МӨЛДІР БҰЛАҒЫМ, ТӘУЕЛСІЗДІК-ЖЫР ӘНІМ» атты мектеп-лицейдің 10 жылдық тарихында жеткен толағай табыстары мен АЛАШ КӨСЕМІ ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ  есімі берілуіне орай өткен ашық есік күнінің    АҚПАРАТЫ

 

2018 жылдың 12 желтоқсан күні мектеп-лицейімізде «Мектебім - мөлдір бұлағым, Тәуелсіздік жыр-әнім!» атты мектеп-лицейдің 10 жылдық тарихында жеткен толағай табыстары мен Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың есімі берілуіне орай ашық есік күні өтті.
Іс-шара қонақтары: Б.М. Секербекова «Нұр Отан» партиясы Балқаш қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары,Қ.Т. Рахимберлина- қалалық қоғамдық кеңес төрағасы, Балқаш қаласының құрметті азаматтары ардагер-Каукербек С.К., Білім беру саласының ұлағатты ұстаздары: ардагер-ұстаз Б.Т.Төлеуов, ұлағатты ұстаз Г.Д. Дарибекова , Қалалық аналар кеңесінің төрағасы Ш.Р.Сыздыкова және де қаламыздағы білім беру ұйымдарының басшылары мен өкілдері, мектеп-лицейдің «Қамқоршылық кеңесі» мүшелері, ата-аналар қауымдастығы болды.
Мектеп-лицейде Алаш арыстарын ұлықтау, жас ұрпақты патриоттық рухқа тәрбиелеу мақсатында – «Алаштану» оқу бөлмесі ашылды Оқу бөлмесінің ашылу салтанатына зиялы қауым өкілдері мен қала колледждері, мектептерінің басшылары, мектеп-лицей ата-аналары қатысты.
Ашылған оқу бөлмесін ел игілігіне жарату – бүгінгі ұрпақ үшін, ұлтымыз үшін қымбат құндылық екендігінің дәлелі ретінде, мектеп – лицейдің 6 «В» сынып ұжымынан құралған үгіт –насихат тобы оқу бөлмесін таныстырса, 2«Б» сынып оқушысы Уаш Нұрасыл мен 5 «Ә» сынып оқушысы Ілияс Гаухар Алаш арыстарына арнап өлең оқыды.
Домбыра аспабын үйрете отырып, насихаттау, оқушыларды рухани тәрбиелеу, ұлттық үрдістерімізді олардың бойына сіңіру, өнерге деген қызығушылығын арт¬тыру мақсатында «Ұлы Даланың мұрагерлері» атты домбырашылар флешмобы өз өнерлерімен көпшіліктің көңілінен шықты.
«Алаштану» оқу бөлмесінің ашылу рәсімінен соң, «Қыр баласы» атты тарихи-сахналық қойылым ұсынылды. Қойылым ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен саяси қызметінен сыр шертті. Қойылым қоғамдық-гуманитарлық кафедра ұжымының басшылығымен және жоғары сынып оқушыларының қатысуымен сахналанды.Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың рөлін 11сынып оқушысы Қанат Темірлан сомдады. Ұлы тұлғаның образын сомдау үлкен жауапкершілік екендігін сезініп, Әлиханның аманатын көрерменге шынайы жеткізе білді. Қойылымға қатысқан әр оқушы өзіне жүктелген образды жоғары дәрежеде сомдап шыққандығы қонақтардың жылы лебізінен, жарқын тілектерінен аңғарылды.
«Қыр баласы» атты қойылымнан соң қонақтарға арналған мектеп-лицей ата-аналары мен оқушыларының қатысуымен өткен шығармашылық концертке ұласты. 
Әлихан Бөкейхановтың ұрпаққа қалдырған аманат мұрасы әлі де жан-жақты талданып, зерттеле түспек. Ұлттық өнегеге толы бабалар мен бүгінгі ұрпақтың сабақтастығын жетілдіріп, ұлы тұлғалардың тағылымын зерделеу бүгінгі күннің еншісінде. Ұлылар есімін иеленіп, болашаққа нұрлы жолмен қадам басып келе жатқан мектеп-лицейдің Әлихан есімді оқушылары Ұлт көсемі есімін иелену зор мақтаныш, мәртебе екендігін атап өтті.
Келесі кезекте мектеп-лицейіміздің мың бұралған бишілері көрермендерге «Рухани жаңғыру» атты биін тарту етті. Ата-аналардың мәдени іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету жұмыстары ата-аналардың мектеп өмірімен етене жақындасуына, танысуына және өз баласының даралық қасиеттерін тануына зор ықпал етеді. Осының дәлелі ретінде мектеп-лицейішілік дәстүрлі «Шоқжұлдыз Х» ата-аналар мен оқушылардың қатысуымен өткен фестивалдің Бас жүлде иегерлері 2 «Ә» сынып оқушысы Мұратова Лионелла мен анасы Мухаметқалиева Қымбаттың музыкалық аспаптарда орындаған шығармасы көпшіліктің қошеметіне бөленді. 
Қонақ ретінде шақырылған Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ- нің тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, «Тұлғатану» ғылыми - зерттеу орталығының директоры Бейсенбекова Нұрсахан Ахметовна сөз алды.
«-Ата –бабалар жетпеген асыл арманға мына біздер қол жеткіздік.Қазақтың кең байтақ даласы, рухани байлығы Алаш зиялылары бізге аманаттаған құнды байлығымыз! Аз ғана уақыт ішінде жемісті еңбек пен жеткен толағай табыстарыңыз нағыз ұлттық мектеп ұжымына лайық екендіктеріңізді көрсетті!» –деп өзінің алғысын білдірді.
Ашық есік күнінде «Мектеп-лицейімізбен мақтанамыз, Табысты түлектермен шаттанамыз!» атты түлектер тақтасы қойылды және мектеп-лицейде 10 жыл бойы еңбек етіп келе жатқан «Ұстаздар галереясы» қойылды.
8 және 9 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өткен «Бақыттың самғау баспалдағы» атты кездесуге мектеп – лицей түлектері келді. Мектеп-лицей түлектері Сапарғалиев А.Т- қалалық ІІБ қызметкері, Болатқызы Ж – Балқаш Сервис колледжінің оқытушысы, Аманова А.А – Е.Бөкетов атындағы КарМУ магистрі; Амантай В.Қ – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенті, Арғынбай А.- қалалық мәдени –сауық орталығының эстрада әншісі сынды түлектер кездесу барысында 10 жылдық мерейтойға өздерінің ақжарма тілектері мен құттықтауларын жеткізді. «Ізгі тілек» атты тілектер жинағына қолтаңба қалдырды.
Зияткерлік өрісі кең, отаншылдық сезімге толы, жауапкершілікті сезіне алатын келешек ұрпақты тәрбиелеуде Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицей ұжымы алдағы уақытта да аянбай еңбек ететініне сенімді.
Кез келген мемлекеттің болашағы, сол мемлекет жастарының болашағының дамуына тәуелді.Олай болса, мектеп-лицей оқушылары кез келген шыңды, биіктерді бағындыруға дайын! Өйткені, олар Әлихан, Мағжан сынды бабалар сенген, Елбасымыздай ұлы тұлғалар үміт артқан Ұлы Қазақ Елі- Мәңгілік елдің ұрпағы!