«Оқу үдерісін реттеудегі қалыптастырушы бағалау мен шарттары »

«Оқу үдерісін реттеудегі қалыптастырушы бағалау мен шарттары »

2018 жылдың 11ші желтоқсанында «Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейінде »КММ- де «Оқу үдерісін реттеудегі қалыптастырушы бағалау мен шарттары » атты өз іс-тәжірибелерімен бөлісу оқыту семинары өтті.
Қатысушылар: мектептің жас мамандары мен пән мұғалімдері.
Мақсаты: қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау және оқытудың заманауи техникалық, цифрлық білім беру ресурстарын тәжірибесімен бөлісу.
Ұйымдастырушылар : биология пәні мұғалімі Бакыткызы П, химия пәні мұғалімі Ахтанова Б.Б., бастауыш сынып мұғалімі Байсеркина Б. 
Қалыптастырушы бағалау үдерісіндегі келесі кезеңдерге тоқталды:
 қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау 
 қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау
 қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау
 кері байланыс беру
Оқытудың заманауи техникалық, цифрлық білім беру ресурстарын қолдану арқылы бағалау және сауалнама жүргізу, онлайн тестілеу құралдарын қолдану тиімділігі көрсетілді.