«Тәуелсіздік жыр-әнім, мектебім - мөлдір бұлағым!»

«Тәуелсіздік жыр-әнім, мектебім - мөлдір бұлағым!»

1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған Тәуелсіздігімізге 27 жыл толды.Айтулы мереке мектеп-лицейімізде 2018 жылдың 12-ші желтоқсан күні «Тәуелсіздік жыр-әнім, мектебім - мөлдір бұлағым!» атты тақырыпта Тәуелсіздіктің 27 жылдығына арналған салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты жиын барысында мектеп-лицей басшысы өзінің жүрек жарды ақ тілектерінде Тәуелсіздіктің мәні өзгеше,бағасы теңдессіз екен айрықша атап өтті. Мерекелік іс-шарада мектеп-лицейдің оқушылары мерекеге арнап биден шашу шашып, әннен маржан төкті.
Осы қиындықтарға қарамастан, Тәуелсіздіктің 27-ші жылы жадымызда көптеген жан толқытарлық, Қазақстан үшін айрықша мәні бар оқиғаларымен есте қалады.
Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің Тәуелсіздігі тұғырлы болғай!