«Озат құқықтанушы» атты интеллектуалдық ойын

«Озат құқықтанушы» атты интеллектуалдық ойын
 
«Озат құқықтанушы» атты интеллектуалдық ойын
 
Интеллектуалдық ойынның мақсаты: оқушылардың білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау, ойлау қабілеттерін, қызығушылықтарын, шеберліктерін арттыру, танымдық бағдарламаларды негізге ала отырып оқушыларды қоғамдағы жаңалықтардан және өзгерістерден сырт қалмауға баулу.
 
28.11.2018 жылы біздің мектепте қоғамдық-гуманитарлық пәндік бағытындағы «Озат құқықтанушы» атты интеллектуалдық ойын өтіп, 9-10 сынып оқушылары қатысты. Сайыс 4 айналымнан тұрды:
1-кезең: «Ғылымның бастауы-философия»
2-кезең: «Пазлдар сөйлейді»
3-кезең: «Халықаралық ұйымдар»
4-кезең: ««Көшбасшылар бәйгесі» 
Сайыс барысында 2 топтың да көрсеткіші тең түскендіктен, қазылар алқасы оқушылардың пәнге деген құлшынысын ескеріп, барлық топ мүшелерін жүлделі орындармен марапаттауды жөн көрді. Бұл ойында «достық» жеңді деп айтуға болады.
Интеллектуалдық ойын нәтижесінде 8 оқушы жүлделі орындарға ие болды:
1-орын ˗ Жайсанов Темірлан «10 А» сынып оқушысы;
1-орын ˗ Жұмасейіт Нұрай 10 «Ә» сынып оқушысы;
2-орын ˗ Анисбекова Қарақат 9 «Б» сынып оқушысы;
2-орын ˗ Бохан Ерасыд 9 «Б» сынып оқушысы;
2-орын ˗ Жәнібек Рахат 9 «Б» сынып оқушысы;
3-орын ˗ Берікбек Аида 9 «Б» сынып оқушысы; 
3-орын ˗ Өмірбек Елжас 10 «Ә» сынып оқушысы; 
3-орын ˗Мажиханов Мұрат 10 «Ә» сынып оқушысы.