«Қыз тәрбиесі болашақ ұл тәрбиесі»атты кездесу өткізілгені туралы ақпар

«Қыз тәрбиесі болашақ ұл тәрбиесі»атты кездесу  өткізілгені туралы ақпар

«Қыз тәрбиесі болашақ ұл тәрбиесі»атты кездесу  өткізілгені туралы ақпар

           2018-2019  оқу жылының 19-шы қазаны күні қыздарды  адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу,   өмірге деген көзқарастарын мағыналы түрде аша білуге және аналардың қыздар тәрбиесіндегі белсенділігін арттыру мақсатында  қыздармен кездесу өткізілді. Қыздар үшін қыз балалардың мінез – құлқы, әдет – дағдылары, ой өрісі мен мәдениеті, білімі мен инабаттылық болмысы, талабы мен талғамы, денсаулығы, жақсы, жаман әдеттері және басқа  қылықтары, т.б жайында алдын ала білу өте маңызды.
             Аналар мектебінің төрайымы Бекзат Отарханқызы, №3 емхана  психологы Супиянова А.Т, әлеуметтік ұстаз Мустапаева Ж және мектеп медбикесі Сатбекова М.К.қатысты. Бекзат Отарханқызы «Қыз тәрбиесі - қоғам тәрбиесі» атты тақырыпта мазмұнды баяндама оқыды. №3 емхана  психологы қыздардың жас ерекшеліктеріне сай  мектеп жасындағы жасөспірімдердің мінез- құлықтарындағы өзгерістер, адамгершілік тәрбиесі, оқушы этикасы жөнінде ақпарат берді. Мектеп медбикесі қыз балалардың гигиеналық тазалығы жөнінде айтты. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қыздар арасында туындаған сұрақтарға жауап берді , мектеп жарғысын қатаң сақтауды ескертті. Қыздар  өздеріне деген керек жауаптарын алғанын және де осындай жиналыс алдағы уақытта тағы да ұйымдастырылса екен деген тілектерін білдірді.