Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде 2018-2019- оқу жылында өткізілген 18 қазан «Рухани келісім» күніне орай атқарылған іс-шаралар ақпары

Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде 2018-2019- оқу жылында өткізілген 18 қазан «Рухани келісім» күніне орай атқарылған іс-шаралар ақпары

Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде 2018-2019- оқу жылында өткізілген 18 қазан «Рухани келісім» күніне орай атқарылған іс-шаралар ақпары

 

   1992 жылы 18 қазанды Рухани келісім күні - қақтығыстар мен жанжалдарға тоқтам салу күні, татулық іздеу күні, жақынға қайырымдылық және көмек күні деп жариялау туралы манифест қабылдады. 1992 жылдан бастап бұл күн Қазақстанда атаулы күн ретінде атап өтіледі.

   Осыған орай мектебімізде  оқушыларға  ақпараттық стенд безендірілді. 18 қазан күні 8-11- сыныптар арасында  «Рухани келісім-халық бірлігіне бастар жол» тақырыбында сынып сағаттары  өткізілді. Сынып сағаты барысында  сынып жетекшілер  дәріс түрінде адамның санасы, бойындағы ата-ананың қадірі туралы әңгіме өрбітіп Балқаш қаласындағы болған оқиғалар жағдайын көтере отырып, оқушыларға деген рухани тәрбиелік мәні бар мағлұматтар айтты.

      « Дәстүрлі діндерімізді құрметтейік!» тақырыбында 8-11- сынып оқушылары арасында  дөңгелек үстел өткізілді.Дөңгелек үстелге қатысушылар «Ұлттар достығы – татулықтың тал бесігі», «Дініңді сақта, салтыңды сатпа, сенімді ақта, ел болашағы – жастар!» тақырыптарын тереңірек ашуға тырысты. Тарих пәнінің мұғалімі Г.Бакирова рухани ізгіліктерді қадір тұтқан біздің елде өзара келісімнің негізі қалыптасқанын айта келе, жастардың діни сауаттылығына назар аудару керектігін атап өтті.

          7- сынып  оқушылары арасында  гуманитарлық пәндер бірлестігінің мұғалімдерінің  жетекшілігімен «Рухани келісім-бірлік бастауы»  тақырыбында  шығармалар жазылынып алынды.

          6- сынып оқушыларының арасында  «Біз көп ұлтты елміз» тақырыбында мәнерлер оқу сайысы өткізілді. Сайыс барысында  оқушылар адамгершілік, көпұлттылық туралы  өлең  жолдарын нақышына келтіре айтып, мәнерлеп оқу сайысы  соңында оқушылар  мақтау қағаздарымен марапатталды.

        4-5- сыныптар арасында «Бейбітшілікті қалаймыз!» атты сурет сайысы ұйымдастырылып, оқушылар  рухани-адамгершілік құндылықтарын көрсете білді.