«KitapFest» кітап фестивалі

«KitapFest» кітап фестивалі

    Кітапхананың қазіргі кезде жас жеткіншектердің өскелең талабын қанағаттандыруда, оқырманның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруда алатын орны ерекше. Жас жеткіншектің бос уақытын тиімді пайдаланып, кітап оқуға деген ынтасын арттыру мақсатында өткізілген Сәкен Сейфуллин орталық кітапханасында «KitapFest» кітап фестивалі өтті. Аталмыш іс-шараға 7Б сынып оқушылары белсене қатысты. Біздің мектеп оқушылары поэзия әлемін таңдады. Мектебіміздің жас қаламгерлері 9А сынып оқушысы Есенова Балнұр «Мағжанға арнау», 7Г сынып оқушысы Сағынтаева Дамира «Бақыттың мәні неде?» өлеңдерін оқыды. Дана Есиркесинова Мұқағали өлеңдерін жатқа оқыды.

Дата: 29.04.2019, 15:45 Автор: №7 МГ