«Білімді мыңды жығар»

«Білімді мыңды жығар»

      С.Сейфуллин атындағы №7 меткеп –гимназиясы 1-сыныптар арасында «Білімді мыңды жығар» сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: Оқушылардың білім алуға деген құштарлықтарын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, өзгенің ойын тыңдау, сыйлау дағдыларын қалыптастырып, жан-жақты болуға, өзін-өзі дамытуға ынталандыру. Сайыс 4-айналымнан тұрды.
1-айналым: Таныстыру.
2-айналым: Мақал - сөздің мәйегі ;
3-айналым: «Жеті жұрттың тілін біл» жұмбақ шешу.
4-айналым: «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» - білім сайысы.
Сайыс танымдық тапсырмаларға толы, қызықты болды. Сайыста 1Д, 1Ә- сыныбы өздерінің алғырлықтарымен топ жарып шықты.

Дата: 16.04.2019, 12:41 Автор: №7 МГ