"Біздің айналамыздағы математика" облыстық жобасы аясында көрме-жәрмеңке мен мұғалімдердің педагогикалық жобасы байқауы болып өтті.

2018 жылдың қараша айында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен "Біздің айналамыздағы математика" облыстық жобасы аясында көрме-жәрмеңке мен мұғалімдердің педагогикалық жобасы байқауы болып өтті. Байқау 3 жыл бойы облыс аймақтарында жүзеге асырылған "Біздің айналамыздағы математика" жобасының қорытындысы ретінде ұйымдастырылды. Әр аймақтардан белсенді жұмыс жасаған мұғалімдер мен әдіскерлер алғыс хаттармен марапатталды. Балқаш қаласында бұл жобаға №2 лицей, №9,10 мектептер қатысқан болатын. 3 жыл қатарынан оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру бағытында ауқымды жұмыс жасалып, іс-шаралар өткізілді. Педагогикалық жоба байқауында №10 орта мектептің мұғалімі Айгүл Бөлтірікқызы 2 орынды иеленсе, бизнес математика мен логикалық тапсырмалар жинағынан №2 лицейдің ұстазы Шынар Данағұлқызы 3 орынмен марапатталды. Бұл жоба енді қала көлемінде басқа мектептерде жүзеге асырылатын болады.

Дата: 26.11.2018, 16:09 Автор: Білім бөлімі