Физика пəні мұғалімдеріне арналған "Білім мазмұнын жаңарту аясында физика пəнінде ағылшын тілінде сабақтарды жоспарлау" тақырыбында кезекті тəжірибе алмасу алаңы жұмысы өтті

2018 жылдың 21қарашада Балқаш қаласының білім бөлімінің жоспарына сəйкес үш тілде білім беруді жүзеге асыру аясында физика пəні мұғалімдеріне арналған "Білім мазмұнын жаңарту аясында физика пəнінде ағылшын тілінде сабақтарды жоспарлау" тақырыбында кезекті тəжірибе алмасу алаңы жұмысы өтті.Алаң жұмысы ағылшын тілінде көрсетілді.Жұмыс барысында өз тəжірибесімен бөлісіп,ортаға салған Ə.Бөкейханов атындағы N15 мектеп-лицейінің физика пəні мұғалімі С.Сулейменова.
Сонымен қатар, Халықаралық ғылыми практикалық конференцияға қатысқан N17 мектеп-лицейдің физика пəні мұғалімі М.Сагындыкова конференция ақпараттарымен, оқулық, сабақ жоспары туралы бөлісті. Кезекті алаң жұмысы желтоқсан айында жалғасады.

Дата: 26.11.2018, 16:04 Автор: Школы и сады г. Балхаш