"Біздің айналамыздағы математика" жобасы аясындағы онкүндік

2018 жылдың қыркүйек айында Балқаш қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Біздің айналамыздағы математика" жобасы аясында жоспарға сәйкес бастауыш сыныптардың арасында онкүндік болып өтті. Мақсаты: дарынды оқушыларды анықтау, оларға қолдау жасау, оқушылардың математикалық сауттылығын дамытып, алған білімін өмірде пайдалануға үйрету. "Математика-ғылымдар патшасы" қабырға газеттер байқауы, "Айналамыздағы математика" оқушылардың жоба жұмыстары байқауы, "Сандар әлемінде" және "Геометрия айналамызда" тақырыптарында лэпбуктар сайысы болып өтті. Сайысқа қала мектептінің барлық бастауыш сынып оқушылар белсене араласты. Оқушылардың жұмысы критерийлермен бағаланды. Жұмысынң мазмұны, тақырыпқа сәйкес болуы, өмірмен байланысы, оқушының өзін-өзі ұстауы сияқты т.б Қорытындысында өте жақсы жұмыстар білім бөлімі дипломдарымен марапатталды.

Дата: 26.11.2018, 15:57 Автор: Школы и сады г. Балхаш