"ПедСтарт" қашық олимпиадасынан да жеңісіміз бар

2018 жылдыңжылдың 15 қарашасы күні "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырумен бастауыш сынып мұғалідері арасында "ПедСтарт" қашық олимпиадасы болып өтті. Мақсаты: ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыру, білімін жетілдіру. Олимпиадада 3 пәннен, қазақ тілі, математика, дүниетану пәндерінен 45 сұрақ берілді, әр сұраққа 2 ұпайдан есептелді. Барлығы 60 минут уақыт берілді. Тапсырмалардың көбісі логикалық және функционалдық сауаттылыққа бағытталған. Олимпиадаға респуликамыздың барлық аймақтарынан ұстаздар қатысып өз білімдерін сынасты. Қорытындысында қатысушыларға сертификат беріледі және 1, 2, 3 дәрежелі дипломдар табысталады. Балқаш қаласынан бастауыш мұғалімдер қатысып 7 мұғалім 2 орынды, 47 мұғалім 3 орынды иеленді. Әріптестерімізді құттықтаймыз.

Дата: 26.11.2018, 15:46 Автор: Білім бөлімі